Цетил в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению цетила в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток цетила, взаимодействие с другими лекарствами, применение цетила (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Цетил
Международное название: Цефуроксим
Лекарственная форма:
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, 250 мг и 500 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01D Прочие бета-лактамные антибиотики
J01D C Цефалоспорины второго поколения
Фарм. группа:
Антибактериальные препараты для системного использования. Бета-лактамные антибактериальные препараты прочие. Цефалоспорины второго поколения. Цефуроксим. Код АТХ J01DC02
Условия хранения:
Хранить в сухом месте, при температуре не выше 30°С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, белого или почти белого цвета, капсуловидной формы, с двояковыпуклой поверхностью, с риской на одной стороне и надписью «LUPIN» на другой.

Состав цетила в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество цетила

цефуроксима аксетил 311.75 мг (эквивалентно цефуроксиму 250 мг) и 623.50 мг (эквивалентно цефуроксиму 500 мг)
цефуроксим аксетилі 311.75 мг (250 мг цефуроксимге баламалы) және 623.50 мг (500 мг цефуроксимге баламалы)

Вспомогательные вещества в цетиле

целлюлоза микрокристаллическая, натрия лаурилсульфат, натрия кроскармелоза, масло растительное гидрогенизированное, кремния диоксид коллоидный, оболочка: гидроксипропилметилцеллюлоза (метоцел Е 15 LVP), гидроксипропилметилцеллюлоза (метоцел Е 5 LVP), полиэтиленгликоль 4000, пропиленгликоль, титана диоксид (Е 171), тальк очищенный
микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармелозасы, гидрогенделген өсімдік майы, коллоидты кремнийдің қостотығы, қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза (метоцел Е 15 LVP), гидроксипропилметилцеллюлоза (метоцел Е 5 LVP), полиэтиленгликоль 4000, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк

Показания к применению таблеток цетила

Лечение инфекционно-воспалительных заболеваний, вызванных чувствительными к нему микроорганизмами:
  • инфекции нижних дыхательных путей (острый бронхит, обострение хронического бронхита, пневмония)
  • инфекции верхних дыхательных путей, (инфекции уха, горла и носа, средний отит, синусит, тонзиллит, фарингит)
  • инфекции мочеполовых путей (пиелонефрит, цистит, уретрит)
  • гонорея (острый неосложненный гонококковый уретрит, цервицит)
  • инфекции кожи и мягких тканей (фурункулез, пиодермия, импетиго)
  • ранние стадии болезни Лайма и последующая профилактика поздних стадий этой болезни у взрослых и детей старше 12 лет
Сезімтал микроорганизмдер туындатқан жұқпалы-қабыну ауруларын емдеу:
  • төменгі тыныс жолдарының жұқпаларында (жедел бронхит, созылмалы бронхит асқынуы, пневмония)
  • жоғарғы тыныс жолдарының жұқпаларында (құлақ, тамақ және мұрын жұқпалары, ортаңғы отит, синусит, тонзиллит, фарингит)
  • несеп-жыныс жолдарының жұқпаларында (пиелонефрит, цистит, уретрит)
  • созда (асқынбаған гонококты жедел уретрит, цервицит)
  • тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында (фурункулез, пиодермия, импетиго)
  • Лайм ауруының ерте сатыларында және ересектер мен 12 жастан асқан балаларда осы аурудың кейіннен кешеуілдеген сатыларының алдын алуда.

Противопоказания цетила в таблетках

  • гиперчувствительность к антибиотикам группы цефалоспоринов, другим компонентам препарата
  • кровотечения и заболевания желудочно-кишечного тракта в анамнезе (псевдомембранозный колит)
  • беременность и период лактации
  • детский возраст до 6 лет
  • цефалоспориндер тобының антибиотиктеріне, препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • сыртартқысында асқазан-ішек жолының аурулары (жалған жарғақшалы колит) және қан кетулер
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 6 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия таблеток цетила

  • головная боль, головокружение, лихорадка
  • диарея, тошнота, рвота, транзиторное повышение уровней печеночных ферментов, холестатическая желтуха, гепатит, псевдомембранозный колит, боль в желудке
  • кожная сыпь, зуд, отек Квинке, синдром Стивенса-Джонсона, мультиформная эритема, токсический эпидермальный некролиз (экзантемальный некролиз), сывороточная болезнь, лихорадка, анафилаксия и ангионевротический отек, крапивница,
  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, гемолитическая анемия, гипопротромбинемия, повышение активности ферментов печени (АЛТ, АСТ, ЛДГ), положительная реакция Кумбса
  • интерстициальный нефрит, кандидоз
  • бас ауыру, бас айналу, қызба
  • диарея, жүрек айну, құсу, бауыр ферменттері деңгейінің транзиторлы жоғарлауы, холестатикалық сарғаю, гепатит, жалған жарғақшалы колит, іштің ауыруы
  • тері бөртпесі, қышыну, Квинке ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, уытты эпидермальді некролиз (экзантемальді некролиз), сарысу құю ауруы, қызба, анафилаксия және ангионевротикалық ісіну, есекжем
  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, гемолитикалық анемия, гипопротромбинемия, бауыр ферменттері белсенділігінің артуы (АЛТ, АСТ, ЛДГ), оң Кумбс реакциясы
  • интерстициальді нефрит, кандидоз

Особые указания к применению

Цетил с осторожностью назначают пациентам с гиперчувствительностью к пенициллинам, особенно при лечении пациентов, у которых пенициллины вызывали анафилактоидные реакции. Длительное лечение цефуроксимом может вызвать чрезмерное размножение нечувствительных к нему микроорганизмов. При появлении диареи на фоне применения антибиотиков, в том числе Цетила, следует иметь в виду возможность развития псевдомембранозного колита.

В настоящее время нет данных о эмбриотоксической или тератогенной активности Цетила. При лечении Цетилом болезни Лайма наблюдалась реакция Яриша-Герсгеймера. Эта реакция является прямым следствием бактерицидного действия Цетила на возбудителя заболевания – спирохету Borrelia burgdorferi, и является частым и обычно, самопроизвольно проходящим последствием лечения. Пациенты должны быть проинформированы, что данные симптомы являются типичным следствием применения антибиотиков при этой болезни.

Во время лечения Цетилом реакция Бенедикта, с помощью которой определяют присутствие глюкозы в моче, может давать ложноположительный результат. Для определения уровня глюкозы в крови рекомендуется использовать глюкозооксидазный или гексокиназный методы.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Учитывая возможные побочные эффекты, такие как головокружение, необходимо соблюдать осторожность при управлении автомобилем или потенциально опасными механизмами. Применять по назначению врача.
Цетил пенициллиндерге аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерге, әсіресе пенициллиндер анафилактоидтық реакциялар тудырған емделушілерді емдеген кезде сақтықпен тағайындалады. Цефуроксиммен ұзақ уақыт емдеу оған сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюін тудыруы мүмкін. Антибиотиктерді, оның ішінде Цетилді қолдану аясында диарея пайда болғанда жалған жарғақшалы колиттің туындау мүмкіндігін ескерген жөн.

Қазіргі уақытта Цетилдің эмбриоуытты немесе тератогенді белсенділігі жөнінде деректер жоқ. Лайм ауруын Цетилмен емдеген кезде Яриш-Герсгеймер реакциясы байқалған. Бұл реакция ауру қоздырғышы –Borrelia burgdorferi спирохетке Цетилдің бактерицидті әсерінің тікелей салдары саналады, әрі жиі болатын және әдетте өздігінен өтетін емдеу салдары болып табылады. Емделушілер бұл симптомдардың осы ауру кезінде антибиотиктер қолдануға тән салдары екендігінен хабардар болулары тиіс.

Несептегі глюкозаның бар-жоқтығын анықтайтын Бенедикт реакциясы Цетилмен емдеу кезінде жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейін анықтау үшін глюкозооксидазалық немесе гексокиназалық әдістерді пайдалану ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бас айналу сияқты болуы мүмкін жағымсыз әсерлерін ескере отырып автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет. Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Дозировка и способ применения

Длительность применения препарата составляет в среднем от 5 до 10 дней. Препарат следует принимать после еды. Взрослые: При фарингите/тонзиллите и остром синусите 250 мг два раза в сутки. При обострении хронического бронхита и остром бронхите, инфекциях кожи и мягких тканей рекомендуют 250-500 мг два раза в сутки. При несложных инфекциях мочевых путей 250 мг два раза в сутки. При несложной гонорее однократно 1 г. Максимальная суточная доза для взрослых 1000 мг. Дети старше 6-ти лет: по 125-250 мг 2 раза в сутки, максимальная суточная доза 250 мг.
Препаратты қабылдау ұзақтығы орташа алғанда 5-тен 10 күнге дейінді құрайды. Препаратты тамақтан кейін қабылдау керек. Ересектер: Фарингит/тонзиллит және жедел синусит кезінде 250 мг тәулігіне екі рет. Созылмалы бронхит асқынуы және жедел бронхит, тері және жұмсақ тіндер жұқпалары кезінде тәулігіне екі рет 250-500 мг ұсынылады. Несеп жолдарының ауыр емес жұқпалары кезінде 250 мг тәулігіне екі рет. Ауыр емес соз кезінде 1 г бір мәрте. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы 1000 мг. 6 жастан асқан балалар: 125-250 мг-ден тәулігіне 2 рет, ең жоғары тәуліктік дозасы 250 мг.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении Цетила с потенциально нефротоксичными препаратами (аминогликозидные антибиотики) и фуросемидом, необходимо контролировать функцию почек. Цетил, подавляя кишечную флору, препятствует синтезу витамина К. Цетил может вызвать снижение эффективности комбинированных оральных контрацептивов. Препараты, которые уменьшают кислотность желудочного сока, могут вызвать снижение биодоступности Цетила по сравнению с таковой при приеме препарата натощак и препятствуют повышенной абсорбции, связанной с приемом пищи.

Одновременный прием с «петлевыми диуретиками» замедляет канальцевую секрецию, снижает почечный клиренс, повышает концентрацию в плазме и увеличивает период полувыведения цефуроксима. Одновременное введение с пробеницидом приводит к увеличению AUC Цетила на 50%. При одновременном приеме усиливается антикоагулянтное действие варфарина.
Цетилді ықтимал нефроуытты препараттармен (аминогликозидті антибиотиктер) және фуросемидпен бір мезгілде қолданғанда бүйрек қызметін бақылап отыру қажет. Цетил ішек флорасын баса отырып, К витаминінің синтезіне кедергі жасайды. Цетил біріктірілген ішілетін контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Асқазан сөлі қышқылдығын азайтатын препараттар ашқарынға препаратты осындай қабылдаумен салыстырғанда Цетил биожетімділігін төмендетуі мүмкін және тамақтанумен байланысты сіңірілудің жоғарылауына кедергі келтіреді. «Ілмектік диуретиктермен» бір мезгілде қабылдау өзекшелік секрецияны баяулатады, бүйрек клиренсін төмендетеді, плазмада концентрацияны жоғарылатып, цефуроксимнің жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Пробеницидпен бір мезгілде енгізу Цетил AUC-ның 50%-ға артуына әкеледі. Бір мезгілде қабылдағанда варфариннің антикоагулянтты әсері күшейеді.

Передозировка цетилом в таблетках

Симптомы: нарушения со стороны ЦНС, которые проявляются возбуждением, судорогами.

Лечение
: симптоматическое, Цетил выводится при гемодиализе и перитонеальном диализе.
Симптомдары: қозу, құрысулармен байқалатын ОЖЖ тарапынан бұзылулар.

Емі
: симптоматикалық, Цетил гемодиализ және перитонеальді диализ кезінде шығарылады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После приема внутрь абсорбируется 30-50% препарата. Около 50% присутствующего в сыворотке крови цефуроксима связывается с белками крови. После приема внутрь 250 или 500 мг цефуроксима аксетила, его пиковые концентрации в плазме крови (Cmax) составляли 4.1 и 7.0 мг/мл соответственно. Время достижения пиковых концентрации (Тmax) варьирует от 2 до 3 часов. Средний период полувыведения составляет около 1.2 часа. Цефуроксим проникает через гематоэнцефалический барьер, проходит через плаценту и проникает в грудное молоко.

Цефуроксим элиминируется в неизменном виде с мочой, 50% принятой дозы выводится с мочой в течение 12 часов. У пациентов с нарушениями функции почек период полувыведения цефуроксима увеличен. Следует отметить, однако, что при приеме препарата пациентами с нарушениями функции почек (включая тех, кто находится на гемодиализе) а также пожилыми пациентами в дозе до 1 г в сутки, никакие особые меры предосторожности не требуются.
Ішке қабылдағаннан кейін препараттың 30-50-ы сіңіріледі. Қан сарысуындағы цефуроксимнің 50-ға жуығы қан ақуызымен байланысады. 250 немесе 500 мг цефуроксим аксетилді ішке қабылдағаннан кейін оның қан плазмасындағы ең жоғары шектегі концентрациясы (Смах) тиісінше 4.1 және 7.0 мг/мл құраған. Ең жоғары шектегі концентрациясына жету уақыты (Тмах) 2-ден 3 сағатқа дейін ауытқиды. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі 1.2 сағатқа жуықты құрайды. Цефураксим гематоэнцефалдық бөгет арқылы, плацента арқылы өтеді және емшек сүтіне енеді.

Цефуроксим өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады және қабылданған дозаның 50-ы несеппен бірге 12 сағаттың ішінде шығарылады. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде цефуроксимнің жартылай шығарылу кезеңі артады. Алайда бүйрек қызметі бұзылған емделушілер (гемодиализ жасатып жүргендерін қосқанда), сондай-ақ егде жастағы емделушілер препаратты тәулігіне 1 г дейінгі дозада қабылдаған кезде ешқандай ерекше сақтық шараларын қажет етпейтіндігін ескерген жөн.

Фармакодинамика

Цетил является аксетилоксиэтиловым эфиром цефуроксима. Цетил – цефалоспорин второго поколения и в отличие от цефалоспоринов первого поколения, активен не только против грамположительных, но и против грамотрицательных микроорганизмов. Механизм действия Цетила заключается в связывании с пенициллинсвязывающими белками клеточной стенки бактерий, с последующим ее лизисом и гибелью бактерий, (бактерицидный эффект). Цетил представляет собой пролекарство активного соединения цефуроксима. После приема внутрь, Цетил гидролизуется до цефуроксима неспецифическими эстеразами слизистой оболочки кишечника. После этого цефуроксим распределяется во внеклеточной жидкости.

Препарат активен в отношении грамположительных и грамотрицательных микроорганизмов, устойчивых к другим антибиотикам: Staphylococcus aureus (включая штаммы, продуцирующие бета-лактамазы, но не штаммы, резистентные к метициллину), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Escherichia coli, Haemophilus influenzae (включая штаммы, продуцирующие бета-лактамазы), Haemophilus parainfluenzae, Klebssiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Neisseria ganorrhoeae (только штаммы, не продуцирующие бета-лактамазы), Staphylococcus epideridis, Morganella morganii, Neisseria ganorrhoeae (только штаммы, продуцирующие бета-лактамазы), Proteus mirabilis.

Не активен в отношении Pseudomonus spp., большинства штаммов Enterococcus spp., метициллин-резизстентных штаммов Staphylococcus spp., Listeria monocytogenes.
Цетил цефураксимнің аксетилоксиэтил эфирі болып табылады. Цетил екінші буынды цефалоспорин және бірінші буынды цефалоспориндерден айырмашылығы грамоңдарға ғана емес, сондай-ақ грамтеріс микроорганизмдерге де қарсы белсенді әсер етеді. Цетилдің әсер ету механизмі бактериялардың жасушалық қабырғасының пенициллинмен байланыстыратын ақуыздарымен байланысып, одан кейінгі лизисі және бактериялардың өлуі болып табылады (бактерицидтік әсер). Цетил – бұл цефуроксимнің белсенді қосылысының ізашар дәрісі. Ішке қабылдағаннан кейін Цетил ішектің шырышты қабығының өзіне тән емес эстеразасымен цефуроксимге дейін гидролизденеді. Осыдан кейін цефуроксим жасушадан тыс сұйықтықтарға таралады.

Препарат басқа антибиотиктерге төзімді мына грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді: Staphylococcus aureus (бета-лактамаза өндіретін штамдарды қосқанда, бірақ метициллинге төзімді штамдар емес), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Escherichia coli, Haemophilus influenzae (бета-лактамаза өндіретін штамдарды қосқанда), Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Neisseria ganorrhoeae (бета-лактамаза өндірмейтін штамдар ғана), Staphylococcus epideridis, Morganella morganii, Neisseria ganorrhoeae (бета-лактамаза өндіретін штамдар ғана), Proteus mirabilis. Pseudomonas spp., көпшілік Enterococcus spp. штамдарына, Staphylococcus spp. метициллинге төзімді штамдарына, Listeria monocytogenes-ге қатысты белсенді емес.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из фольги алюминиевой. По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в коробку картонную.
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.